Найти в Дзене
VOENKOR KZ

ҚР ҚМ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ

Әскери химиктердің далалық шығуы.

Жамбыл облысындағы «Айша бибі» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімдерінің лагерлік жиыны басталды. Он күн бойы оңтүстік өңірдің әскери химиктеріне тәжірибе жүзіндегі іс-әрекеттерді жүзеге асыру міндеттеледі.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелерін лагерлік жинау жылына екі рет өткізіледі. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери химиктердің далалық шығуы қысқы уақытқа белгіленген.

«Далалық шығу кезінде радиациялық, химиялық және биологиялық барлауды жүргізу бойынша практикалық жаттығулар өткізіледі. Сонымен қатар арнайы машиналардың орналастырылуы пысықталып, дозиметрлік және химиялық құрылғылармен жұмыс істеу бойынша жаттығулар жүргізілуде», - деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы РХБҚ әскерлерінің бастығы подполковник Серікжан Тоқболатов.

Әскери бөлімдер радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті обьектілерді, жауынгерлік іс-қимылдардың әртүрлі жағдайларында қауіптілікті жою міндеттерін орындайды. Сонымен қатар жаяу әскерлердің өз міндеттерін кедергісіз орындауын қамтамасыз етеді.

«Осындай далалық шығулар әскери қызметшілерге құрылғылар және қондырғылармен жұмыс жасауда арнайы тапсырмаларды орындауда жақсы тәжірибе береді, сонымен қатар бөлімшелердің үйлесімділігін арттыруға көмектеседі. Оқу полигонындағы практикалық жаттығулар кезінде әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігі жоғары бағаланады», - деді лагерь бастығы, әскери бөлім командирі майор Тахир Сағынғанов.

«Айша бибі» полигонында тұру үшін арнайы лагерь құрылып, шаруашылық көмек бекеті орналастырылып, жоғары басшылықпен байланыс орнатылған. Құрылған инфрақұрылым әскери қызметшілердің қысқы уақытта оқу полигонында ұзақ мерзімде тұруы үшін сапалы және қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.