Қошқарлардың басы бір қазанға сыймады. Зейнетақы жүйесін реформалауы тиіс жұмыс тобынан шығып кеткен экономист Олжас Құдайбергенов президентке ұсынысын жеке кіргізбек. Тоқаевтың өзі артынан кімдікі дұрыс екенін шешетін болады. Бүгін Олжас Құдайбергенов бізге "Әлбетте, өз ұсынысымды жеке кіргіземін" деп жауап берді. Негізі, вице-премьер Бердібек Сапарбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, экс-министр Тамара Дүйсенова, президенттің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов бар, бәрі бірлесіп Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауы тиіс болатын. Тапсырманың еш қиындығы жоқ. Тоқаев жұмыс тобын құрып, зейнетақы салымдарын азаматтардың қажетіне жұмсау бойынша ортақ ұсыныс дайындауды тапсырған. Енді ауызбіршілік те, ортақ ұсыныс та жоқ. Оның орнына Ақордаға шенеуіктер өз ұсынысын бөлек, Құдайбергенов өз ұсынысын бөлек ұсынатын болды. Демаршты Олжас Құдайбергенов кеше жасады. Алдымен фейсбук парақшасына жазып, "біраздан кейін ресми мәлімдеме" жариялаймын де