Қытайдың Ухань қаласынан тараған дерт бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Ресми Қытай 80 адам көз жұмғанын хабарлағанымен, кейбір ақпарат көздері өлгендердің саны әлдеқайда көп дейді. Nege.kz тілшісі Динара Мыңжасар шығыс медицинасы дәрігері, бір кездері өзі де Қытайдан келген Ержан Нұрмұханнан қауіпті вирустың жайын сұрады. Ержан Нұрмұхан – Бұл вирус 1937 жылы тауықтан шыққан. Түрі тәжіге (коронаға) ұқсайды. Сол кезде мамандар тауықтың денесінен бөлініп шыққан вирусты зерттеген. 1975 жылдан бастап осы вирустың адам денесіне жұғып, одан екінші біреуге жұғатыны белгілі болды. Ал 2002 жылы Қытайда осы вирустың салдарына ұқсас ауру пайда болды. Оны SARS және MERS деп атады. Бұл дерт адамның өкпесін қабындырады. 2012 жылдан кейін ДСҰ бұл аурудан қалай сақтану жөнінде әртүрлі қарар қабылдады, – дейді Е.Нұрмұхан. – Бұл вирустың түрі көп деген сөз бе? – Мұның жеті түрлі вирусы бар. Тышқан, ит, мысық, шошқа, жыланнан жұғады. Ал осы жолғы коронавирус жарқанаттан келген дейді. Жарқанаттан жұққаны өте