Найти тему

Жүктілік келіншектерге

Гинеколог не акушер емеспін, бірақ жүкті келіншектерге жазарым бар. Олар 4 жүктілігімде бастан кешкендерім. 2009 жылы ең алғаш жүктілігімде маған барлығын түсіндіретін адам болмады ол кезде Майл.ру-дың Мой миры ең актуальный еді ғой. Шынына келгенде қымбат клиникаларда болмаса мемлекеттік емханалардағы акушер-гинекологтар тәптіштеп кеңес (консультация) бермейді. Қазір шүкір алысқа бармай ақ гуглдан оқып отыра бересің не инстаграм бар. Өз блогымды аяғы ауыр немесе жүктілікке дайындалып жүрген және балалары бар жас аналарға арнаймын. Олай болса іске сәт!!!