Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге қосылады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Тиісті түзетулер жаңа жылдан бастап күшіне еніп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң арқылы қабылданды. Көзделіп отырғандай, жаңалық жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі іскерлік белсенділігін арттыруға және ШОБ-ты дамытуға ынталандырады», - делінген министрлік хабарламасында. Республикалық бюджетке КТС түсімі тек тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен ғана түседі. Кәсіпкерлердің тізбесі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен үш жылда бір рет бекітіледі. Сондай-ақ облыс мәслихаттарына облыс және аудан бюджеттерінің арасындағы ШОБ-тың