Темір жол билеттерінің алыпсатарларына 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай айтты. Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы түсіндірілді. «Қазіргі таңда темір жолмен жолаушылар тасымалдау шығыстары мемлекеттік бюджет тарапынан субсидияланады. Бұл: вагондарды жалға алу, күтіп ұстау, сатып алу, вокзал шаруашылығы, локомативтік тарту және магистралдық желі қызметтері. Шығыстың басқа бір бөлігін «Қазақстан темір жолы« жүк тасымалы кірістері есебінен көрсетілетін қызметтерге төмен тариф белгілеу арқылы жабады. Бұл ішкі кросс субсидиялау деп аталады. Аталған сызбада ақша ағымдарының бір орталыққа бағынуы және ашықтығы жоқ еді. Жүйені ашық ету үшін заң жобасымен жолаушылар локомативтері а