Найти тему
Nege.kz

Алматыда электр қымбаттады

Фото: Сәрсенбек Қызайбек
Фото: Сәрсенбек Қызайбек

2020 жылдың 1 қаңтарынан Алматыда және Алматы облысында электр қуаты тарифі өсті. Тариф 4,6 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өкілдері айтты.

Алматы, NEGE.  тарифтің өзгеруі энергия беруші ұйымдардың шекті тарифтерінің ұлғаюымен, сондай-ақ бірнеше компаниялардың технологияға байланысты қызметтеріне тарифтердің өсуімен байланысты. «АЖК» АҚ оларды алты пайызға, ЖЭК жөніндегі ҚЕАО – 30 пайызға, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – екі пайызға, KEGOK АҚ 12 пайызға арттырды.

Алматы және Алматы облысының тұтынушылары үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы және Алматы облысы бойынша департаменттері бекіткен тарифтер қолданылады. Орташа босату тарифі немесе экономикалық негізделген тариф – сағатына киловатт үшін 19,17 теңге, бұл ҚҚС есебімен. 

Бұрын киловатт сағатына 18,32 теңге болған еді.

Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын жеке тұлғалар үшін пәтерде, үйде тұрақты тұратын әрбір адамға сараланған тариф: Бірінші деңгейдегі тариф - ҚҚС есебімен сағатына киловатт үшін 17,79 теңге, бұрын сағатына киловатт үшін 17 теңге болды; 

Екінші деңгейлі тариф – ҚҚС есебімен киловатт сағатына 23 теңге, 21,99 болды; Үшінші деңгейлі тариф – ҚҚС есебімен сағатына 28,76 болды, 27,48 болды.