ENRC (Eurasian Natural Resources Corporation) корпорациясы қожайындарының бірі Александр Машкевич Англияда тағы күдікке ілінді. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл жолы миллиардер «Конгоның экс-президентімен бірге алаяқтық жасаған» деп айыпталып отыр. «Ұлыбританияның алаяқтықпен күресетін арнайы прокурорлары израильдік миллиардер Александр Машкевичті Конго Демократиялық Республикасының экс-президенті Жозеф Кабиламен бірлесіп, алаяқтық жасауға әрекеттенді деп айыптады. Агенттік адвокатының сөзіне қарағанда, бұл іс аса ірі көлемде пара беруге байланысты Лондонда өтіп жатқан сот тыңдауында әшкере болған» деп жазды агенттік. Бұл іске А.Машкевичтің қызы Анна Машкевичтің де қатысы бар болып шықты. Миллиардердің 37 жастағы қызы әкесіне байланысты кейбір құжаттарды сотқа әдейі өткізбей отырған көрінеді. SFO адвокаты Джонатан Холлдың айтуынша, бұл – Машкевич пен оның екі серіктесі – Патох Шодиев пен Алиджан Ибрагимовтың ENRS корпорациясының Конгодағы пайдалы қазбаларды иелену келісімшарты
