Прага-ерекше атмосферасы бар ғажайып қала: Орта ғасыр архитектурасы, көне ертегілер рухы, тәтті тоқаштар иісі және жергілікті тұрғындардың мейірбандығы қалаға ерекше жылылық береді. Готикалық қамалдар мен соборларды көріп, жаңа қайнатылған сыраны ішу, трдельник жеу (салмасы бар қытырлақ түтік) және Карл көпіріндегі чех билеушілерінің мүсіндерін көру үшін Чехияның астанасында болып қайтсаңыз еш өкінбейсіз. Прага ең қолжетімді еуропа елдері астаналардың бірі болып саналады, бірақ демалыс кезінде үнемдеу ешқашан артық болмайды. Біз Прагада қалайша барынша үнемді уақыт өтізуге болатыны туралы әңгімелейміз.
Қаламен танысу
Прагамен Prague Extravaganza жергілікті ұйымы ұсынатын тегін шолу экскурсиялары барысында танысуға болады. Үнемшіл туристер «Ескі қала және Еврей кварталы» және «Карл көпірі және Прага град» атты екі жаяу турға бара алады. Бұл турлар күніне екі рет (11:00 және 15:00, 13:00 және 17:30) өткізіледі. Екі сағат ішінде гидтер Праганың көрікті жерлері туралы көп қызықты жайттарды әңгімелейді, қайда баруға, қайда тамақтануға болатыны жайында кеңес береді. Ескі қала бойынша экскурсия Республика алаңындағы Оқ-дәрі мұнарасынан басталады, ал Карл көпірі бойынша тур көпірдің басында Кірескерлер алаңынан басталады. Екі экскурсияны бір күн ішінде өткізуге болады. Экскурсияны жүргізушілер туристерді көк қолшатыр ұстап күтеді. Тіркелу қажет емес. Прагаға тегін экскурсияның тағы бір нұсқасы - Free tour of Prague – бұл Праганың басты көрікті жерлерімен күнделікті 3 сағат бойы тегін жаяу жүріп танысу туры. Ескі қаланы, музейлер мен соборларды, синагогалар мен көпірлерді көресіз. Экскурсия күніне 3 рет өтеді, алдын ала тіркелуге болады.
Прага Град
Көптеген жаяу маршруттарға көп ақша қажет емес. Мысалы, Прага Град – ол Праганың ғана емес, сонымен қатар бүкіл Чехияның келбеті, әлемнің қазіргі ең ірі қамалдар кешендерінің көрінісі. Прага градқа келген соң, сіз мұнаралары мен соборлары, алаңдары мен бақтары, көпірлері мен көшелері бар Ескі Прагамен танысасыз. Прага қаласының аумағына кіру тегін, жұмыс уақыты — 5: 00-ден 24: 00-ге дейін. Аумақта соборларға, мұнараларға, мұражайларға баруға бөлек ақы төленеді. Злато көшесіне, әлемге әйгілі Алхимиктер көшесіне кешкі және түнгі уақытта кіру тегін. Ескі қала - бұл туристер бірінші кезекте асығатын Прага ауданы. Мұнда назар аударарлық керемет көрікті жерлер көп, сәулет өнерін бағалайтындар үшін таптырмас жер. Ескі қаланың классикалық үйлері, готикалық қамалдары, готикадан бастап заманауи үлгіге дейінгі түрлі сәулет стиліндегі ғимараттар, мыс есік тұтқалары, қызғылт-сары шатырлар - бұның бәрі ерекше тәнті болып сүйсінуге тұрарлық. Ал көпір астында - ежелгі көшелер қабаты: жертөлелер, жер асты үйлері, лабиринттер бар.
Прагадағы тегін музейлер
Прага астана музейі. Аптаның әрбір бейсенбісінде кіру 1 крон тұрады. Na Poříčí 52/1554, Nové Město.
Кбела авиация музейі (мамыр айынан бастап, қазан айына дейін дүйсенбіден басқа күннің бәрінде жұмыс істейді), Mladoboleslavská 425/9, Kbely.
Прага Иисус сәби музейі, Karmelitská 9.
«Лапидариум» галереясы, Rámová 735/6, Staré Město.
Чехия ұлттық музейі (бас ғимарат). Айдың әрбір дүйсенбісінде кіру тегін. Václavské nám. 68, Nové Město.
Ұлттық техникалық музей. Айдың әрбір жұмасында кіру тегін. Kostelní 1320/42, Praha 7.
Прага сән үлгісінің музейі. Дүйсенбіден басқа күндері күн сайын ашық, Štupartská 3.
Валдштейнский сарайы. Қаңтар айынан наурыз айына дейін әр бірінші сенбі және жексенбі, сәуір айынан желтоқсан айына дейін-әр сенбі және жексенбі күні кіру тегін. Valdstejnske namesti, 17/4, Mala Strana.
Фото и материал: собственность OMG Kazakhstan.