2015 жылы Украинаның "Archimatika" cәулет компаниясы Ұлттық Банк ғимаратының дизайн-жобасын әзірлеген еді. Тапсырыс беруші ретінде BIGroup көрсетілген. Жобаның негіздемесіне сәулетшілер былай деп жазады: Ұлттық Банктің жаңа ғимаратының бейнесіне - Алматыдағы таулар кескіні енгізілген. Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан - ред. ескертпе) жазық далада орналасқан, онда жаңа ғимараттар (мысалы Норман Фостердің пирамидасы) биік, вертикалды тік акценттермен жасалған. Біз ұсынып отырған бейненің екінші ассоциативті сызығы - қаржылық индекстердің графикасы. Украин сәулетшілерінің пікірінше, Нұр-Сұлтан - әлемдегі екінші суық астана және күндізгі температураның күрт өзгеруімен ерекшеленеді. Сондықтан ауа райының осы ерекшелігін ғимаратты жобалау кезінде ескеру қажет. Жаңа ғимарат жоба бойынша кеңселер үшін қолайлы бөлімдерге бөлінген. Ортасында атриумдармен байланысады. Сәулетшілер классикалық идеялардан қашып, күн энергиясын барынша қолдануды, жылуды үнемдеу концепциясын ұсынған. Жоба бойынша ғим
