"7-20-25" ипотекасының операторы "Баспана" Ипотекалық ұйымы Қазақстанның орнықтылық қорына қосылмақ. Осылайша, Ұлттық Банктегі ұқсас екі компания бірігіп, еншілес ұйымдардың саны азайды. Бұл туралы "Баспана" Ипотекалық ұйымы мен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ ресми сайттарында хабарланды. "Баспана" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Баспана) 2019 жылғы 25 желтоқсанда Баспананың және «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қазақстанның орнықтылық қоры) жалғыз акционері басқару құрылымын оңтайландыру, қойылған міндеттерге қол жеткізу, активтерді пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Баспананы Қазақстанның орнықтылық қорына біріктіру нысанында Баспананы және Қазақстанның орнықтылық қорын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды". Қайта құрылған компания бұған дейін Баспана іске асырып келген "7-20-25" пен "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыра береді. Сонымен бірге, Қазақстанның орнықт