Ведомствоаралық комиссия отырысында тағы 9 мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін жеңілдету мәселесі қаралды. Бұл жөнінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтіп, комиссия мүшелері 41 мемлекеттік қызметті қарастырды. Өзекті емес және сұранысқа ие емес 13 қызметті қолданыстағы тізілімнен алып тастау, ал 15 қызметті электронды форматқа көшіру және өзара ұқсас қызметтерді біріктіру ұсынылды. Автоматтандырылатын қызметтердің қатарында 086/у анықтамасы да бар. Ұсынылған процедура бекітілгеннен кейін аталған анықтаманы міндетті медициналық тексеруден өту нәтижелері негізінде eGov порталы арқылы алуға болады. Анықтамада арнайы QR-код болады, ол құжаттың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Мұндай электрондық анықтама бір жылға жарамды. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар ел Президенті жақ