Сіздермен өзімді таңқалдырған бір оқиғамен бөліскім келіп отыр. Осыдан үш жыл бұрын, төрт жыл кездесіп жүріп, бір жыл бойы бірге өмір сүрген күйеуммен өзімнің қызғаншақтығым себепті ажырасып кеттім. Ол болса көп жүрмей, басқа жас қызға үйленді. Ал мен болсам депрессияға түсіп, азып тозып қала бердім. Ата анам, бауырларым: "бұл жүрісің болмас", -деп Шымкент қаласына нағашыларымның үйіне қонақ болып қыдыртып жіберді, баста онша ұнамап еді. Кейін біраз қаланы аралап қарасам шыныменде шырайлы әсем қала екен. Ары бері қыдырып, әбден демалдым. Қонақ болып келген нағашымның екі әйелі бар көршісі бар екен. Өзі көп сөйлемейтін салмақты, жүзі жылы кісі сияқты көрінді маған. Туыстарымда ол кісіні қатты сыйлайды. Әйелдері де әп-әдемі, өте сыпайы. Маған олардың мінез құлықтары өте қатты ұнады. Содан не керек қызықтап сұрай бастадым. Ішімді өртеп бара жатыр ғой енді. Қалайша екі әйел бір үйде бастары пісіп өмір сүріп жатыр екен? деп қоймай қойдым. Бұл кісінің бала кезден бірге өскен досы болған екен