Найти тему
Baribar.kz

Сәрсенбіде еліміздің бірнеше өңірінде қар жауады

Өңірлерде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстік пен шығыстың кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. 

13 қарашада Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, батыста, солтүстік-батыста қар аралас жаңбыр, солтүстік пен шығыста қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста антициклон жотасының әсерінен жауын-шашын болмайды.

“Қазгидромет” мамандарының болжамына қарағанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Ақмола облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады, Қостанай облысында тұман түседі. Алматы, Жамбыл облыстарында да тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Түркістан облысында жел күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.