Кей адам саусақ терісі мен тырнағын неге тістелей береді? Бұл ауру ма, әдет пе? Оның қандай зияны бар? Бұл сұрақтарға дерматовенеролог Зинура Сапабекова жауап берді. Тырнақты, тырнақ етін үнемі тістелей беру, яғни онихофагия – психикалық ауытқу, әдет емес. Сонымен бірге ғылымда адамның өз терісін зақымдауын дерматилломания деп те атайды. Онихофагия кез келген жастағы адамда болуы мүмкін. Адамдар жүйкесінің жұқаруынан, стресс жағдайынан, өзіне деген сенімсіздік пен ішкі сырын біреуге айта алмауының салдарынан осы ауруға шалдығады. Адам онихофагиямен бес жасқа дейін ауыратын болса, бұл – қалыпты жағдай. Бес жастан кейін ол – патология. Бес жастан кейін бұл аурудан емделу үшін невропатолог пен психологтың көмегі қажет болады. Әйелдер депрессияға бейім болғандықтан онихофагия арқылы проблемасын іштей жеңілдетуге тырысады. Дерматилломания көбіне адам өзіне көңілі толмаған кезде болады. Проблемасын біреуге айта алмаған, үнемі мазасызданып жүретін, агрессиясы бар адамдар тырнағын тістеу арқы
Саусақ терісі мен тырнақ тістелеу нені білдіреді? - маман жауабы
13 ноября 201913 ноя 2019
69
1 мин