Динагүл Тасова - интернет арқылы танымал болған модель. Өзбекстанда туған, Павлодарда өскен. Негізгі мамандығы - журналист, ақпарат саласында қызмет етеді. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. Дина, сені жұрт «депутат» модель ретінде таныды. Модельдік қосымша жұмысың ба, негізгі жұмысың ба? Бұл салаға қашан келдің? Модельдік негізгі жұмысым емес, қосымша жұмыс. Модель болам деген ойым жоқ еді. Бір күні көшеде құрбыммен кетіп бара жатқан кезімде, бір агенттіктің өкілі қайта-қайта кастингке шақырды. Мен оған ойланып, әзер дегенде кастингке барғам. Кастингте мені Қазақстанның Топ-5 әдемі моделіне таңдап алып, бірден сол агенттіктің «лицосы» атандым. Осылайша қосымша жұмысым модельдік болып кетті. Одан кейін «Miss Astana» конкурсына қатысып, «Miss Әдемі-ай» номинациясын алдым, «Russian World Beauty» конкурсында «Vice-Miss Russia» атағын алдым, Бакуде өткен халықаралық конкурсте министрдің алғысхатын алдым, былтыр Арменияд
Динагүл Тасова: «Адамдар модельдікке, мен жабайы коменттерге үйрене бастадым»
13 ноября 201913 ноя 2019
65
3 мин