Найти в Дзене

Балаңыз секс жайлы сұрақ қойса...

Біріншіден, бала сұрақты дәл сізге қойса, бұл жақсылықтың нышаны. Бұл оның сізге сенетіндігін дәлелдейді. Екіншіден, еш қорқудың қажеті жоқ. Баламен мұндай кінәмшіл тақырыпты қозғауға дайын болу үшін біз психолог кеңесіне жүгіндік. Секс жайлы әңгімеге алдын ала дайындалу керек пе? Сексуалдық – адам тумысының ажырамас бөлшегі. Ерте жастағы балаларда кез-келген уақытта осы тақырыпта түрлі сұрақтар туындауы мүмкін. Ата-аналарға келесі жайттарға назар аударуы керек: Статистика бойынша балалар порнобейнені алғаш рет 1-3 сыныпта кездейсоқ көріп қалады, – менің жеке тәжірибем бойынша өз достарынан не сыныптастарынан бірдеме естіген балалар аталмыш сипаттағы бейнелерді мақсатты түрде іздейді. Баланың бұл тақырыпқа қызығушылық таныту уақытын анықтау және уақытылы ақпарландыру үшін гаджеттеріндегі қаралым/іздеу тарихын бақылау. Әсел Шаназар, психолог, жыныстық денсаулық пен қауіпсіздік кеңесші Бұл тақырыпта қайда және қашан сөйлескен дұрыс? Бала секс жайлы кез-келген сұрақ қойған жағдайда-ақ
Оглавление
adme.ru сайтынан
adme.ru сайтынан

Біріншіден, бала сұрақты дәл сізге қойса, бұл жақсылықтың нышаны. Бұл оның сізге сенетіндігін дәлелдейді. Екіншіден, еш қорқудың қажеті жоқ. Баламен мұндай кінәмшіл тақырыпты қозғауға дайын болу үшін біз психолог кеңесіне жүгіндік.

Секс жайлы әңгімеге алдын ала дайындалу керек пе?

Сексуалдық – адам тумысының ажырамас бөлшегі. Ерте жастағы балаларда кез-келген уақытта осы тақырыпта түрлі сұрақтар туындауы мүмкін. Ата-аналарға келесі жайттарға назар аударуы керек:

  1. Баланың психосексуал дамуы жайлы кітаптар оқу.
  2. Баланы 2-3 жасынан бастап жыныс мүшелерінің гигиенасын жүргізуге дағдыландыру. Сондай-ақ қаншалықты дөрекі әрі тұрпайы естілсе де, әр затты өз атауымен атауды ұмытпау керек. Бұл болашақта орын алатын түсіндіру жұмыстарына керек болады.
  3. Баланың секс жайлы сұрақты әйтеуір қоятындығы жайлы шындықты қабылдау. Ол сұрақ кез-келген формада болуы мүмкін, мәселен: «Мен қалай дүниеге келдім?», «Неге ұлдар мен қыздардың жыныс мүшелері әртүрлі?».
  4. Баланың жыныстық сауатын ашуда тап болатын үрейлерді басу: әдебиеттер оқу, фильмдер көру, қажет болған жағдайда мамандарға жүгіну.
  5. Бұл жайлы балаңызға жұбайыңызбен/серіктесіңізбен бірге/бөлек айтуды шешу.
  6. Жұбайыңызбен/зайыбыңызбен/серіктесіңізбен секс жайлы ашық сөйлесуді үйрену.
  7. Бала гаджеттеріне ата-аналық бақылау орнату.
  8. Баланың бұл тақырыпқа қызығушылық таныту уақытын анықтау және уақытылы ақпарландыру үшін гаджеттеріндегі қаралым/іздеу тарихын бақылау.
Статистика бойынша балалар порнобейнені алғаш рет 1-3 сыныпта кездейсоқ көріп қалады, – менің жеке тәжірибем бойынша өз достарынан не сыныптастарынан бірдеме естіген балалар аталмыш сипаттағы бейнелерді мақсатты түрде іздейді. Баланың бұл тақырыпқа қызығушылық таныту уақытын анықтау және уақытылы ақпарландыру үшін гаджеттеріндегі қаралым/іздеу тарихын бақылау.
Әсел Шаназар, психолог, жыныстық денсаулық пен қауіпсіздік кеңесші

Бұл тақырыпта қайда және қашан сөйлескен дұрыс?

Бала секс жайлы кез-келген сұрақ қойған жағдайда-ақ, әңгімені бастау қажет. Егер халық көп жиналған және шулы жер болса, баланың көзіне тіке қарап, асықпай сөйлесу мүмкіндігі болатын тыныш жерге өтіңіз. Қойылған сұраққа бірден толық әрі еш тұспалсыз, нақты жауап берген дұрыс. Бұл арқылы балаңызбен сенімді қатынас орната аласыз.

Қалай жауап беру керек?

Жауап бермес бұрын тынышталып, баланың көзіне тіке қарау қажет. Абыржып не ашулы болып тұрсаңыз, бұл жайлы ашық айтып, бұл сұрақты талқылауға дайын емес екеніңізді, бірақ кейін міндетті түрде әңгімелесетініңізді жасырмай айтыңыз.

  • Ер мен әйелдің арасында болатын интим байланыс жайлы, оның не үшін керек екендігін және салдарын түсіндіріңіз. Егер мұндай әңгімеге дайын болсаңыз, балаңызбен сөйлесу жеңіл болмақ.
  • Сегіз жастан бастап балаңызға болашақта жыныстық жетілу барысында орын алатын денедегі өзгерістер жайлы айту қажет.
  • 12 жастан бастап жасөспіріммен контрацепция тақырыбын қозғауды бастау қажет, себебі статистика бойынша жасөспірімдер алғаш рет жыныстық қатынасқа 14-15 жасында түседі.
  • Бала анайы сипаттағы бейнелерді көріп қойған жағдайда, оған фильм мен порнодағы секстің өмірдегіден өзгеше болатындығын түсіндіру керек.
  • Баламен бұл әңгіменің тек екеуіңіздің араңызда қалу керектігін және ата-аналарының тарапынан түсініспеушілік туындамас үшін оны достары мен сыныптастарына айтудың қажеті жоқ екендігін айтып, алдын-ала келісіп алған дұрыс.
  • Жасөспірімдік кезеңде балаңызға бұл тақырыпты толықтай түсіну үшін түрлі әдебиеттер мен фильмдерді танысуға кеңес беруге болады.
  • Өзгеге зәбір көрсетуге болмайтындығын түсіндіруіңіз керек.
  • Өзіңізді балаңыздан жоғары ұстамаңыз, сондай-ақ әңгімені сағызша созылған уағызға айналдырып жібермеңіз.
  • Бастысы – балаңызбен сенімді байланыс орнату. Сол кезде ғана ол сізбен әңгімелесу барысында өзін батыл әрі сенімді ұстап, кез-келген үрейімен бөлісе алады.

Не істеуге болмайды?

  1. Өтірік айту. Орамжапырақ, ішіп келіп құсу, тырналар жайлы әңгімені ұмытыңыз.
  2. Баланы «анайы сұрақтар» қойғаны үшін ұрысу.
  3. Баланы балағаттап, «тәртіпсіздігі» үшін кінәлау.
  4. «Өскенде білесің», – деп айту.
  5. Жауап қайтармау не әзілге айналдыру.
  6. Мұндай сұрақтарды қоймас үшін басқа затпен алдандыру.
  7. Секс тек үйленуден кейін рұқсат етіледі деп айту, себебі бұл болашақта балада кінә сезімін оятуы мүмкін.
  8. Секс жайлы әңгімені ешбір алғышарттарсыз бастау.

Балаңыздың секс пен жыныс мүшелеріне деген қызығушылығын байқасаңыз, міндетті түрде онымен бұл тақырыпта әңгіме қозғаңыз. Әңгімеден кейін де қызығушылығы басылмаса, мамандарға жүгінгеніңіз жөн, себебі бұл қызығушылық жарақат не сексуал зәбірдің салдары болуы мүмкін.

Балға қандай кітаптарды/фильмдерді ұсынған жөн?

Бұл тізімдегі кітаптарды оқуға ұсынбас бұрын оларды өзіңіз оқып шығыңыз. 12 жасқа дейінгі балаларға кітапты ата-анасымен оқыған жөн, ал одан үлкендерге жеке оқып, танысуға ұсынуға болады.

  • «Балаларға арналған сексуал өмір энциклопедиясы», 7-9, 10-13 жастағылар үшін, 1991, авторлары: Жаклин Кан-Натан, Жан Коэн, Жильбер Торджман, Кристиан Верду.
  • «10-13 жастағы балаларға арналған сексуал өмір энциклопедиясы», 1991, авторлары: Е. Нартова, Жаклин Кан-Натан, Мартин Лоран, Жильбер Торджман, Кристиан Верду, Жан Коэн.
  • «Балалардың қайдан пайда болатындығы жайлы әңгімелесейік. Жүктілік, босану, сәбилер пен отбасы жайлы», 2016, автор Роби Г. Харрис.«СОЛ жайлы әңгіме айтайық. Қыздар, ұлдар, сәбилер, отбасы мен дене жайлы», 2017, автор Роби Г. Харрис.
  • «Аспан деңгейінен 3 метр» фильмі, 2010, Tres metros sobre el cielo.

Ата-аналардың өзіне қандай фильм қараған дұрыс?

  • «Көктемгі үміттер», 2012 (Hope Springs).
  • «Француз жанұясының сексуал хроникасы», 2012 (Chroniques sexuelles d'une famille d'aujourd'hui).
  • «Жас & жарқын», 2013 (Jeune & jolie).

Секс жайлы сұрақ бір-ақ рет туындамайды, – бала дамуына қарай бірнеше рет әрі бағыты мен күрделілігі өзгеріп туындайды.

Ақпарат Manshuq сайтынан аударылған.