https://qazaqytoi.kz/m-zafar-limbaev-degen-eken/ Ақын Мұзафар Әлімбаев бірде қолына ала дорба ұстап, кітап дүкенінен шығып келе жатса, бір қаламгер інісі кездесіп: − Мұзаға-ау, мына бір дорбаңыз модный ғой,− депті. Сонда Мұзафар: − Бәрекелді, модный болғаны үшін емес, годный болғаны үшін ұстап жүрген ғой,− деген екен. *** Көктем кезі болса керек. Ғалым, жазушы Баламер Сахариев ақын Мұзафар Әлімбаевқа кездесіп қалып, әзілмен: − Ауылымның қонғаны Киз-де деймін, Бір өзіңнен басқаны іздемеймін,−дейді. Сонда Мұзафар тұрып: − Бұл күнде қалтамыздың түбі тесік, Айналып бір соғарсың күзге дейін,− деген екен. *** Мұзафар Әлімбаев өзінің туған жері Маралдыға барса, тай-құлындай тебісіп бірге өскен Қабылбақ деген досы кездесіп қалып, шұрқыраса амандасып тұрып: − Мүскен-ау, шашың селдіреп, қартайып қалыпсың ғой! – дейді. Сонда Мұзағаң іркілместен: − Қабылқақ, рас айтасың− Шашымнан тарақ қалды, Аузымнан арақ қалды, Ойыннан картам қалды, Қойыннан қалқам қалды! − деген екен. *** 1958 жылы Ғабит Мүсір