https://qazaqytoi.kz/k-pirler-kelgen-k-n/ Қабылдау бөлмеден Мұхаңның (Шаханов) ашулы даусы естілді. Іле жұмыс бөлмеме өзі де бас сұқты. Өңі алабұртып кетіпті. Маған: «Әлгі маған келген адамды көре алдың ба?» деді. Мен басымды шайқадым. Мұхаң ашуы басылмаған қалпы: «Оңбаған! Өзі өгіздей болып алып маған «Атеиспін» дейді. Соның алдында келген біреу де өзінің намаз оқымайтынын айтып еді. Екеуін де қуып шықтым. Сірә бүгін кәпірлердің келетін күні-ау деймін» деді. Мен бірнәрсе дегенімше қарсы орындыққа жайғасқан қалпы: «Айтпақшы сен әлгі Төленнің баласының сұхбатын оқыдың ба?» деп сұрады. Басымды изедім. Мұхаң: «Ой, Алла-ай, ол да атеист екен. Ешкімнен шімірікпей өзінің атеист екенін мақтанышпен айтып отыр. Тіпті кейбір мәселер төңірегінде әкесімен де келіспейтін көрінеді» деді. Сосын: «Аты Дархан ба еді?» деп бір қойды. Мен: «Иә, Дархан Әбдік қой» дедім. «Ойпырмай, мына заман не болып бара жатыр?!» деген Мұхаңа: «Төлен досыңызға телефон шалмайсыз ба?» дедім. Мұхаң: «Мынаның ішінен тауып бе