https://qazaqytoi.kz/hanshajym-ba-hansha-ma/ «Хан тұқымынан шыққан әйел жынысты адам, ханның қызы, қарындасы» деген мағынада қатар қолданылып жүрген осы екі сөз сырт тұлғасы жағынан егіздей болғанымен ол ойлағандай ешбір туыспайды. Бір-біріне көлеңкесін түсіріп, кедергі келтіреді. Өйткені біреуінің ғана тілімізде заңды орны бар. Оны анықтау да қиынға соқпайды. Басқа істейтін шаруасы болмай, кенеттен қолға алған ісіне құлшына кіріскен адамның әдетінше көтерген тақырыбымызға өз қадірімізше бойлап көрмекпіз. Ол үшін әуелі екі нәрсені анықтап алу қажет. Сонда шын-жалғанын ажыратуға жеңіл. Бірінші, бұлардың коммуникативтік тұлғаларына қарау керек. Қазіргі қолданылу аясына келсек, «Ханшайым» сөзі баспасөзде, ән мәтіндерінде, кино-фильмдер мен аудармаларда жиі тіпті жаппай ұшырасды, «ханша» сөзі керісінше қолданыс аясы тарайған, көп ешкім жазбайтын да, айтпайтын да болған. Ал, ең көне ертегілеріміз бен ерте дәуірлерден жырланып жүрген батырлар жыры, қисса-дастандарда, кейінгі жазба әдебиеті