https://qazaqytoi.kz/nny-ny/ Ертеде Кіші жүздің бір барымташы жігіті Ұлы жүз аумағында болған қақтығыста қаза табады. Әйтеке би құн даулап Төле бидің еліне келеді. Төле би: «Жол болсын!»- деп қарсы алады. Әйтеке би: «Айтқаныңыз келсін, жол болмақ сізден болсын, біз тірімен танысқалы, өліге болысқалы келдік», — дейді. Төле би : «Бұйрығыңызға құлдық, қылышыңызға мойнымыз, құшағыңызға қойнымыз»,- деп жауап береді. Әйтеке: «Мойын бұрмайсыз ба?» — деп қалады. «Жарлық сізден болған соң, жабдық бізден»,- дейді Төле би. Төле би тысқа шығып кеткен соң, Әйтеке бірге келген жолдастарына: «Сіздер не ұқтыңыздар? «Ердің құны — екі ауыз сөз» деген осы. Төле би отаулап қыз беретін болды», — депті. «Оны қайдан білдіңіз?» — дейді жолдастары. «Қылышыңыз болса — мойныма» дегені — айыбын мойындағаны, «құшағыңыз болса- қойныма» дегені — кісінің құнына жасаулап қыз беремін дегені. Мен тұспалдап «айнып қалмайсыз ба?» деп едім, «сіз келіссеңіз, біз қамына кірістік деп шығып кетті», — деген екен. Бұл кө