https://qazaqytoi.kz/ara-sho-a/ ЖАЗУШЫ, ӘУЕЗОВТАНУШЫ ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ: Мұхтар Әуезовтың аңшылығы туралы өтiрiк-шыны, әзiлi аралас талай-талай хикаялар айтылып жүр. Ұлы шығармасында да сүйсiнiп жазған тұсының бiрi осы саятшылық екенi анық байқалады. Ал мұндай әуесқойлық жас басынан болмаса, не өзi құс ұстап, аң қақпаса, шынайы шыға қоюы қиын. Сондықтан да аралас өскен жиенi Мәжиттiң дерегiне назар салмай өтуге болмайды:
«Мұхтарды жеңгелерi, апалары «Қара Шоңқа» деп атайтын. Мұның себебi өзi жуас, аңқау, балалардың iшiндегi «қара Жоңқа» сияқты көрiнгендiктен қойылған. Ол демалысқа келгенде ауылдың ұл, қыздарын жиып алып кешке жақын барлығымызға дене шынықтыру жасататын. Күрестiретiн. Қарғытып, басымызбен тұрғызып, кеудемiздi жерге тигiзетiн. Қыста оқыған сабағымызды сұрайды… Қыздар мен ұлдарды қатар тұрғызып Абайдың «Сегiз аяқ», «Қор болды, жаным», «Көзiмнiң қарасы» әндерiн хор етiп айтқызатын… Жасырақ кезiнде, 14-15 жастарында қолына ылғи тұрымтай ұстайтын. Оны үй iшiнде қолға үйретiп, ж