https://qazaqytoi.kz/aj-a-ash-auany-k-p-tazartady/ Жер жүзіне керемет көрік беріп тұрған ағаш атаулының адам денсаулығына пайдасы мол екендігін білеміз. Ағаштар жазда жемісімен, жайнаған жапырағымен, саялы көлеңкесімен, қыста отынымен адамға пайдасын тигізеді. «Ағаш – баламыздың бесігі, үйіміздің есігі, ас табағың, қасығың», — деген ежелден күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды жасауда ағашты кеңінен қолданған дана бабаларымыз. Қасиетті хадистерде ағаш отырғызудың адамзат баласы үшін маңызы зор, сауабы мол екендігі айтылады. Айналадағы ағаштардың адам ағзасына дендеген дертке шипасы шексіз. Сонымен қатар, ағаштар айналадағы ауаны тазартатын ерекше қасиетке ие. Осы орайда, қай ағаш ауаны көп тазартады? Көрелік… – Ауаны арша мен емен ағашы көп тазартады. Фотосинтез процесінде бір емен ағашы шығарған оттегімен 30-40 адам жаз бойы тыныс алады. Ал, арша ағашы шығарған оттегімен 20-25 адам жыл бойы тыныс алады. Арша 20-25 тонна, ал, емен ағашы 30-40 тонна газ, түтін, шаңды залалсызданд