Найти в Дзене

Англияда 39 мәйіт салынған жүк көлігі табылды.

23 қазан күні Ұлыбританиядағы Грейс қаласының өнеркәсіптік аймағында ішінде 39 адамның мәйіті бар жүк көлігі табылған деп хабарлайды Dayli mail. Ішінде бір жасөспірім болған 39 адам тар әрі ауасы жоқ рефрижераторлы контейнер ішіне қамалған. Контейнердегі ауа температурасы сынап бағанасынан 25 градус төмен көрсеткіште болған. Баспаның айтуы бойынша қамалғандар көмек сұрап айқайлаған, алайда рефрижератор қабырғасының қалыңдығынан ешбір дауыс сыртқа естілмеген. Іште болғандар тірідей қатқан. 25 жасар Солтүстік Ирландиялық көлік қожайыны күдікті деп танылып, тұтқындалған. Тәртіп сақшыларының болжамынша жүк көлігі Болгариядан Ұлыбританияға Уэльстегі шекара маңындағы Холихэд қалашығы арқылы кірген. Көлік қожайыны Мо Робинсонды үйінде бойына егіз біткен келіншегі күтіп отыр. Көлікте қандай жүк әкеле жатқанын және ол жердегі адамдардың жағдайы жайлы біліп-білмеуі әлі белгісіз.
©REUTERS
©REUTERS

23 қазан күні Ұлыбританиядағы Грейс қаласының өнеркәсіптік аймағында ішінде 39 адамның мәйіті бар жүк көлігі табылған деп хабарлайды Dayli mail.

Ішінде бір жасөспірім болған 39 адам тар әрі ауасы жоқ рефрижераторлы контейнер ішіне қамалған. Контейнердегі ауа температурасы сынап бағанасынан 25 градус төмен көрсеткіште болған. Баспаның айтуы бойынша қамалғандар көмек сұрап айқайлаған, алайда рефрижератор қабырғасының қалыңдығынан ешбір дауыс сыртқа естілмеген. Іште болғандар тірідей қатқан.

25 жасар Солтүстік Ирландиялық көлік қожайыны күдікті деп танылып, тұтқындалған. Тәртіп сақшыларының болжамынша жүк көлігі Болгариядан Ұлыбританияға Уэльстегі шекара маңындағы Холихэд қалашығы арқылы кірген.

-2

Көлік қожайыны Мо Робинсонды үйінде бойына егіз біткен келіншегі күтіп отыр. Көлікте қандай жүк әкеле жатқанын және ол жердегі адамдардың жағдайы жайлы біліп-білмеуі әлі белгісіз.

-3