Найти в Дзене
Қазақ әдебиеті

Ертегілер еліне саяхат

Міндеті Оқушылардың қазақ тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша алған білімдерін жинақтау, бекіту, қорытындылау. Еркін сөйлеуге үйрету, сөздік қорын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Ұйымдасып жұмыс істеуге, белсене қатысуға, жылдамдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Қазақ тілі және ағылшын пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, білімін кеңейту, дамыту. Көрнекілігі Плакаттар, суреттер, шар, фломастерлер, карточкалар,құлаққап, оқулықтар, доп, музыка т.б. Ертегілер еліне саяхат Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай елде де жүрсеңде бұл – дұрысы Өз тіліңді ұмытпағаның жөн болар. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар , ата –аналар, және оқушылар! Good afternoon, good afternoon, good afternoon to you! Good afternoon all of you, we are glad to see you! Good afternoon, dear teachers, pupils and parents! «Ертегілер еліне саяхат »атты қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілген апталық қорытынды кешке қош келдіңіздер! Иә, Аягөз,дұрыс
Оглавление

https://cdn.pixabay.com/photo/2018/01/04/09/39/literature-3060241__340.jpg
https://cdn.pixabay.com/photo/2018/01/04/09/39/literature-3060241__340.jpg

Міндеті

Оқушылардың қазақ тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша алған білімдерін жинақтау, бекіту, қорытындылау. Еркін сөйлеуге үйрету, сөздік қорын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Ұйымдасып жұмыс істеуге, белсене қатысуға, жылдамдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Қазақ тілі және ағылшын пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, білімін кеңейту, дамыту.

Көрнекілігі

Плакаттар, суреттер, шар, фломастерлер, карточкалар,құлаққап, оқулықтар, доп, музыка т.б.

Ертегілер еліне саяхат

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде де жүрсеңде бұл – дұрысы

Өз тіліңді ұмытпағаның жөн болар.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар , ата –аналар, және оқушылар!

Good afternoon, good afternoon, good afternoon to you!

Good afternoon all of you, we are glad to see you!

Good afternoon, dear teachers, pupils and parents!

«Ертегілер еліне саяхат »атты қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілген апталық қорытынды кешке қош келдіңіздер!

Иә, Аягөз,дұрыс айтасың. Көптен күткен қорытынды кешке де келіп жеттік. «Ертегілер еліне саяхатта» аяқталды. Шарт бойынша Ханзадамыз Ханшайымның қолын алу керек болатын. Солай емес па?

Иә, дәл солай. Біздің оқушылар апта бойы екі тілден де бақтарын сынады.Әр күн сайын, әр түрлі кедергілерге де кездесті.

Бірақ, Аягөз! Оқушылар тапсырмаларды орындай отырып, барлық сыннан сүрінбей кедергілерді жеңіп келе жатыр.

https://cdn.pixabay.com/photo/2017/05/12/07/50/books-2306385__340.jpg
https://cdn.pixabay.com/photo/2017/05/12/07/50/books-2306385__340.jpg

Дұрыс айтасың! Дегенмен, Ханзада Ханшайымның қолын алу үшін соңғы кедергіден өтуі қажет.

Иә,иә. Құрметті көрермендер, біз оқушыларды алдын ала екі топқа бөлген болатынбыз. Яғни, бүгінгі қорытынды кеш екі топ арасындағы сайыс түрінде өтпек. Олар сайыс бөлімдері бойынша өнер көрсетеді және жеңімпаз топ анықталады.

Олай болса, сайысқа әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық.

Алдымен сайыс бөлімдерімен таныс болыңыздар.

1. Таныстыру кезеңі

(топтың аты (еркін тілде), ұраны, эмблемасы).

2. Мәнерлеп оқу (еркін тақырып, 2 тілде).

3. Тапқыр болсаң, тауып көр.

4. Ән – көңілдің ажары (2 тілде)

5. Қазақ биі.

6. «Құлаққаппен ән тыңдайық!» ойыны.

7. Көрермендермен ойын.

8. Ағылшын биі.

9. «Ертегі терапия».

10.Эстафеталық жарыс.

Жұртқа жетсін әрбір айтқан сөздерің,

Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін.

Дәстүрімен бүгінгі үлкен сайыста,

Әрбір топ таныстырсын өздерін.

(Екі топ өздерін таныстырады)

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер,

Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы – деп Абай атамыз айтпақшы сайысқа қатысушылардың мәнерлеп оқудағы шеберліктерін сынап көрелік.

Ал екі топ ойынға қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Жылдамдық пен тапқырлық талап етер,

Жеңіп шықсаң ойыннан жарайсыңдар! - Келесі кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр!»деп аталады. ( Ойын шарты түсіндіріледі)

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар ,

Әнді сүйсең менше сүй – дей отырып, келесі «Ән – көңілдің ажары»атты кезеңімізге кезек берейік.

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер.

Әлемдеріңнің ғажап күйін,

Шертпедіңдер сендер! (Аягөз ән айтып шығады)

Аягөз, байқаймын , бүгін көңілдісің ғой өзің?( Гүлім оған таңғалып қарайды)

Гүлім, қалай айтсам екен? Мен бір ғажайып түс көрдім.

Содан? Ол қандай түс?

Ертегілер елінде саяхатта жүр екенмін деймін. Көз алдыңа елестетші,айнала құлпырған,кызылды-жасылды гүлдер,нұрын шашқан күн нұры,сайраған құстардың әні...

Түф, қойшы Аягөз, сен-ақ қиялдана береді екенсін.

Жоқ, әрі қарай тыңдасайшы.

Ал, жарайды. Содан не болды?

Ертегілер елінде ғажайыпқа , сұлулыққа сүйсініп тұрғаным соншалық , кенет бір ханзада пайда болып,маған қолын ұсына бергені сол- ақ еді, эхххх... оянып кеттім....

Ай-ай Аягөз,ештеңе етпес.. Оо, мен таптым! Сен бүгінгі кешті түсіннің жалғасы деп ойла. Сонда ханзадаңды да көріп қаларсын.

Дұрыс айтасың! Олай болса, келесі бөліміміз « қазақша би» деп аталады.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты?

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыстарда бәйге алуға,

Екі топ аянбай – ақ жан салыпты,- дей келе топтардың қазақша би өнерін тамашалаңыздар.

(Гүлім құлағына наушник тағып, өзімен өзі билеп шығады. )

Гүлім?? Гүлім деймін?? Біз сахнада тұрмыз,көпшіліктің назары бізде, құлағына құлаққап тағып алғанын не? Көрермендерден ұят емес пе?

Мен бәрін естіп тұрмын, Аягөз. Құлаққапты да жайдан жай алып шыққаным жоқ. Оны пайдалана отырып екі топтың арасында ойын өткізсем ба деп тұрмын.

Басее? Ол қандай ойын?

«Құлаққаппен ән тыңдайық!»

(Гүлім ойын шартын түсіндіреді. Топтар жарысады.)