Найти в Дзене
Қазақ әдебиеті

Тіл болмаса ұлт жоқ

Тіл болмаса ұлт жоқ. Тұғырлы туған жерін ардақтамайтын, туған тілдің қасиетін салмақтамайтын адамды өз елінің патриоты деу қиын. Сондықтан да, мемлекеттік тіліміз қазақ тілін, дамыта жетілдіру біздің парызымыз, еңсесін көтеру, біздің мақсатымыз демекпіз. Тіл – ұлт келбетінің көрсеткіші дегенді жиі айтамыз. Онда тіл ахуалы да, халқымыздың рухани деңгейінің көрсеткіші де айқын таңбаланады. Бүгінгі білім беру технологиясында кеңінен қолданып, жүрген технологиялар «Дамыта оқыту», «Сын тұрғысынан ойлау» оқыту технологияларын сабақ беретін сыныптарда қолданып келеміз. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда шәкірт бойына білімді сіңіру – әрбір ұстаздың міндеті деп ойлаймыз. «Сын тұрғысынан ойлауда» айналада болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға, ақпараттарға талдау жасай білуде, болжам жасауға көмектеседі. Осы тұрғыдан келген тіл ұстарту сабағында оқушыны ізденпаздыққа, жинаған материалдарын сараптап, өзіндік пікірін қорғауға үйренгені байқалады. Ата – бабаларымыздан қалған
Оглавление

https://cdn.pixabay.com/photo/2016/09/10/17/18/book-1659717__340.jpg
https://cdn.pixabay.com/photo/2016/09/10/17/18/book-1659717__340.jpg

Тіл болмаса ұлт жоқ.

Тұғырлы туған жерін ардақтамайтын, туған тілдің қасиетін салмақтамайтын адамды өз елінің патриоты деу қиын. Сондықтан да, мемлекеттік тіліміз қазақ тілін, дамыта жетілдіру біздің парызымыз, еңсесін көтеру, біздің мақсатымыз демекпіз.

Тіл – ұлт келбетінің көрсеткіші дегенді жиі айтамыз. Онда тіл ахуалы да, халқымыздың рухани деңгейінің көрсеткіші де айқын таңбаланады.

Бүгінгі білім беру технологиясында кеңінен қолданып, жүрген технологиялар «Дамыта оқыту», «Сын тұрғысынан ойлау» оқыту технологияларын сабақ беретін сыныптарда қолданып келеміз.

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда шәкірт бойына білімді сіңіру – әрбір ұстаздың міндеті деп ойлаймыз.

«Сын тұрғысынан ойлауда» айналада болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға, ақпараттарға талдау жасай білуде, болжам жасауға көмектеседі.

https://cdn.pixabay.com/photo/2016/03/09/09/14/books-1245690__340.jpg
https://cdn.pixabay.com/photo/2016/03/09/09/14/books-1245690__340.jpg

Осы тұрғыдан келген тіл ұстарту сабағында оқушыны ізденпаздыққа, жинаған материалдарын сараптап, өзіндік пікірін қорғауға үйренгені байқалады.

Ата – бабаларымыздан қалған асыл мұра – ана тілімізді тарихынан білімдерін жетілдіру, тіл өнерін, шешендік пен тапқырлықты, ұлттық мәдениетті қадрлеуге баулу.

Мақсаты

Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметіне алғы шарттарын іскерлік қатынаста бүгінгі күнде жүзеге асу мүмкіндіктерін таныту. Оқушыларды іскерлік ортада еркін ойлап, еркін сөйлеп, жүйелі ой айта білу қабілеттерін дамытуда көптеген түрлі, отырыстар, сайыстар жүзеге асырылып отырылады. Мектебімізде іс – қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының орындалу барысында төмендегідей іс – шаралар өткізілді.

ҚР Конституциясына орай *Конституция әлеміне саяхат*атты 6-8 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 22 Қыркүйек Тілдер күніңе орай «Тіл тұғырым» атты әдеби кеш өткізілді.

«Менің жерім достық - Отаны» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Отанға деген сүйіспеншілік борыш сезімдерін, Қазақстан Республикасында қанша ұлт өкілдері тұратын қасиетті мекенде, кеңдігімен дархан даласын, өз отаның жанындай сүйіп, мақтаныш тұтатындықтарын осы суреттер арқылы көрсете білді. Мәнерлеп оқу сайысында әр сыныптан оқушылар үш тілде нақышына келтіріп өлеңдер оқыды.

*Сауаттылық әлемінде* атты мектепішілік 5-9 сыныптар арасында олимпияда өткізілді. *Егеменді ел тірегі – Елбасы* атты елбасы күніне орай 5-8 сыныптар арасында сыныптан тыс жұмыстар өткізілді. Тәуелсіздік күніне орай сыныптар арасында әдеби кеш өткізілді.

«Егеменді, тәуелсіз ел – ұланымыз, Ана тілін құрметтеу - ұранымыз» атты әдеби кеште ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігін, тіліміздің, әдебиетіміздің, дініміздің тарихымызды бүгінгі күнге қалай жеткенімізді оқушылар сахналық қойылымдар, мәнерлеп оқу, өздерінің тамаша әндері арқылы ата - баба тілін жалғастырушы екендіктеріне көз жеткізді.

Мемлекекттік тілдің мәртебесін көтеру,әдебиетті насихаттау,өз елін,жерін,отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында Ынтымақ негізгі мектебінде «Тілім менің-тірлігімнің айғағы»атты 13 ақпан мен20 ақпан аралығында тіл апталығы өтті.

Апталық барысында мектеп дәлізі тіл туралы жазылған нақыл сөздермен,көркем суреттермен,шарлармен безендірілді.Апталықтың алғашқы күні 5-8 сынып оқушыларының арасында «Тәуелсіздік тұғыры» атты шығармалар сайысы өткізілді.

Оқушылар тілге деген сүйіспеншілігін тілдің өз өмірлерінде алатын орнын қазақ тілінің дүние жүзіндегі ең бай тіл екендігін өз ойлары арқылы жеткізе білген. Сайыс өте тартымды да қызықты болды.

Келесі күні 5-9 сынып оқушыларының арасында *Тілім менің !* атты көрме ұйымдастырылды . Көрмеде ақын жазушыларға арналған бүктемелер альбомдар және кітап көрмесі ұйымдастырылды .

6-сыныпта әдебиет пәнінен Шерхан Мұртазаның * Тұтқын бала* атты бойынша ашык сабақ өтті.

https://cdn.pixabay.com/photo/2016/05/29/18/22/girl-1423501__340.jpg
https://cdn.pixabay.com/photo/2016/05/29/18/22/girl-1423501__340.jpg

Сабақ барысында оқушылар жаңа модульдік технологияларды қолдана отырып,топпен тапсырмалар орындады. Және де Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығынан толық мәлімет ала отырып пәнге деген қызығушылығы артып, өздерінің еліне, отанына деген сезімдері арта түсті.

5 сыныпта ағылшын пәнінен ашық сабақ өтті. 5-9 сыныптар арасында *Тіл тағдыры – ел тағдыры* сайыс өткізілді.

Сайыс барысында екі топқа бөлініп түрлі қызықты тапсырмалар орындап, туған тілге деген сүйіспеншіліктерін мәнерлеп оқу кезінде көрсете білді.

Апталықтың соңғы күні балалардың ойын дамытып,ана тіліндегі сөйлеу шеберліктерін арттыру мақсатында қызықты тапсырмалар берілді. Қорытынды кеште оқушылар мақтау кағаздары және түрлі сыйлықтармен марапатталды.