Біздің еліміздің «Тіл туралы» заңының орындалу барысында төмендегідей іс – шаралар өткізілді.
ҚР Конституциясына орай *Конституция әлеміне саяхат*атты 6-8 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 22 Қыркүйек Тілдер күніңе орай «Тіл тұғырым» атты әдеби кеш өткізілді.
«Менің жерім достық - Отаны» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Отанға деген сүйіспеншілік борыш сезімдерін, Қазақстан Республикасында қанша ұлт өкілдері тұратын қасиетті мекенде, кеңдігімен дархан даласын, өз отаның жанындай сүйіп, мақтаныш тұтатындықтарын осы суреттер арқылы көрсете білді. Мәнерлеп оқу сайысында әр сыныптан оқушылар үш тілде нақышына келтіріп өлеңдер оқыды.
*Сауаттылық әлемінде* атты мектепішілік 5-9 сыныптар арасында олимпияда өткізілді. *Егеменді ел тірегі – Елбасы* атты елбасы күніне орай 5-8 сыныптар арасында сыныптан тыс жұмыстар өткізілді. Тәуелсіздік күніне орай сыныптар арасында әдеби кеш өткізілді.
«Егеменді, тәуелсіз ел – ұланымыз, Ана тілін құрметтеу - ұранымыз» атты әдеби кеште ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігін, тіліміздің, әдебиетіміздің, дініміздің тарихымызды бүгінгі күнге қалай жеткенімізді оқушылар сахналық қойылымдар, мәнерлеп оқу, өздерінің тамаша әндері арқылы ата - баба тілін жалғастырушы екендіктеріне көз жеткізді.
Мемлекекттік тілдің мәртебесін көтеру,әдебиетті насихаттау,өз елін,жерін,отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында Ынтымақ негізгі мектебінде «Тілім менің-тірлігімнің айғағы»атты 13 ақпан мен 20 ақпан аралығында тіл апталығы өтті.
Апталық барысында мектеп дәлізі тіл туралы жазылған нақыл сөздермен,көркем суреттермен,шарлармен безендірілді.Апталықтың алғашқы күні 5-8 сынып оқушыларының арасында «Тәуелсіздік тұғыры» атты шығармалар сайысы өткізілді.
Оқушылар тілге деген сүйіспеншілігін тілдің өз өмірлерінде алатын орнын қазақ тілінің дүние жүзіндегі ең бай тіл екендігін өз ойлары арқылы жеткізе білген. Сайыс өте тартымды да қызықты болды. Келесі күні 5-9 сынып оқушыларының арасында *Тілім менің !* атты көрме ұйымдастырылды .
Көрмеде ақын жазушыларға арналған бүктемелер альбомдар және кітап көрмесі ұйымдастырылды . 6-сыныпта әдебиет пәнінен Шерхан Мұртазаның * Тұтқын бала* атты бойынша ашык сабақ өтті.Сабақ барысында оқушылар жаңа модульдік технологияларды қолдана отырып,топпен тапсырмалар орындады.
Және де Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығынан толық мәлімет ала отырып пәнге деген қызығушылығы артып, өздерінің еліне, отанына деген сезімдері арта түсті. 5 сыныпта ағылшын пәнінен ашық сабақ өтті. 5-9 сыныптар арасында *Тіл тағдыры – ел тағдыры* сайыс өткізілді.
Сайыс барысында екі топқа бөлініп түрлі қызықты тапсырмалар орындап, туған тілге деген сүйіспеншіліктерін мәнерлеп оқу кезінде көрсете білді. Апталықтың соңғы күні балалардың ойын дамытып,ана тіліндегі сөйлеу шеберліктерін арттыру мақсатында қызықты тапсырмалар берілді. Қорытынды кеште оқушылар мақтау кағаздары және түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Мақсаты
оқушылардың жазу,сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту,сондай – ақ олардың бойларына ізгілік негіздерін дарыту, шешендікке тәрбиелеу. Мақал – мәтел, алғыс,бата сөздер пайдалана отырып, сөздің төркінін түсіну, әр сөзге мән бере қарап, орынды сөйлеуге , мәдениеттілікке зергектікке үйрету.
Бүгінгі білім беру технологиясында кеңінен қолданып, жүрген технологиялар «Дамыта оқыту», «Сын тұрғысынан ойлау» оқыту технологияларын сабақ беретін сыныптарда қолданып келеміз.
«Сын тұрғысынан ойлауда» айналада болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға, ақпараттарға талдау жасай білуде, болжам жасауға көмектеседі.
Осы тұрғыдан келген тіл ұстарту сабағында оқушыны ізденпаздыққа, жинаған материалдарын сараптап, өзіндік пікірін қорғауға үйренгені байқалады.
Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологилар мен оқыту құралдарын енгізу (жаңа технологиялармен таныстыру)
Ұйымдастыру жұмыстары
ӘБ-нің жұмыс жоспарын талдау, бекіттіру;
Пән бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспар, бағдарларламаларын жеке сабақтар жоспарларын талқылау (ӘБ отырысы)
Өз ойларын ашық айтып беретің жеке балалармен жұмыс үйымдастыру
Порфолио мен жұмыс дәптерлерін қадағалау
Оқушылардың дәптерлерін тексеру
Оқушылардың портфолиоларын жүргізуін бақылау.
«Жақсылық-адамшылдықтың белгісі», «Мейірімділік-өмір нәрі» тақырыбында
«Отбасы шаттығы» тақырыбында ата-аналарымен бірлескен дөңгелек үстел
«Өмірдегі күлкілі оқиғалар» атты әдеби кеш.
«Өмірлік қуат-мейірімділікте» атты ата-аналарға сыныптан тыс іс - шара
*Адамның рухани әлемі*
«Қайырымды болып өсемін» атты сыныптан тыс іс-шара
Бағдарлы оқыту байланысты жұмыстар.
Ата – бабаларымыздан қалған асыл мұра – ана тілімізді тарихынан білімдерін жетілдіру, тіл өнерін, шешендік пен тапқырлықты, ұлттық мәдениетті қадрлеуге баулу. 22-ші қырқүйек Тілдер күніне байланысты
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жылдық оқытылу жағдайы жөніндегі сараптамасы қазіргі кезде өте қарқынды дамуда. Оның себебі біздің еліміздің инновациялық тұрғыда дамып келе жатқанында деп білеміз. Біз өз елімізді мақтан тұтамыз және басқа ұлт өкілдеріне соны жеткізуге тырысамыз.
«Туған тілім – тірлігімнің айғағы» шығармалар байқауы барлық сыныптар арасында өткізілді. Шығармалар сайысында туған тілің сүюге, оны қорғауға тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қасиеттерін қадірің, тарихын дамуын терең ашып, жан – жақты өз ойларын еркін жаза білген оқушылар жүлделі сыйлықтарға ие болды.
Біздің каналға жазылып кетіңіз!