Алматыда Төлеу Құлшаманұлы Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының он бір студенті мен Қарағанды политехникалық колледжінің бір студенті IT-мамандардың жұмысы жемісті болуына оң ықпал ететін интерьер дизайнының алты жобасын құрды. Студенттердің басым бөлігі жарқын кірістірмелері бар сұр түсті гамма ең өнімді деп санайды. Түрлі-түсті маркерлермен пайдалы жазбалар жасауға болатын қабырғалар, сондай-ақ түрлі-түсті элементтер, демалуға арналған аймақтар, брейн-шторминг және ауқаттануға арналған бөлмелер шығармашылық және зияткерлік қызметті белсендірек етеді. Болашақ сәулетшілер мен дизайнерлер Айиррис Ахметкалиева, Вита Колесникова, Саида Әлжанова, Айдана Ағыбай, Даяна Сесез, Юрий Шумаков, Оксана Барсукова, Аңсар Жалғасов, Айғаным Есенбаева, Григорий Мулагулов, Дарья Абайдулова мен Анна Ганенко Еуразиялық банк байқауы шеңберінде этно, лофт, эклектика стилінде өздерінің интерьерлік әзірлемелерін жасады. «Экономикадағы адамдардың басым бөлігі креативті заттармен айналысады: робот
Студенттер IT-мамандардың жұмысы жемісті болуына ықпал ететін интерьер ойлап тапты
18 октября 201918 окт 2019
17
2 мин