Қайызғақ – тері бездерінің күшеюінен немесе нашарлауынан пайда болатын тері ауруы. Шашты, теріні күтпегеннен, зат айналымы дұрыс жұмыс істемеуінен және дәрумен жетіспеушілігінен пайда болады. Сонымен қатар, қайызғақ инфекция арқылы да жұғуы мүмкін. Осы тұрғыда майлы шаштағы қайызғақты сусабынмен жуып құрғату керек болса, ал құрғақ шаштарға, керісінше, емдеп, құтылудың түрлі тәсілі бар. Ендеше терінің өлі клеткаларынан, яғни қайызғақтан тезірек арылған жөн. Назарларыңызға қайызғақтан арылудың түрлі амал-тәсілін ұсынамыз.
1. Қалақайдан (крапива) жасалған маска – қайызғаққа қарсы күшті құрал. 1 стақан суға 3-5 ас қасық үгітілген қалақайды салып, 10 минут ыстық су ваннасында ұстаңыз. Одан кейін суды сүзіп алып, бас терісін сүртіңіз.
2. 4 ас қасық зәйтүн майын ыстық су ваннасында жылытып алып, жарты лимон шырынын қосыңыз. Жылы қоспаны бас жуардан 1 сағат бұрын саусақ ұшымен бас терісіне массаж жасай отырып жағыңыз.
3. Пияз езбесін басыңызға жағып, жылылай ораңыз. 2 сағаттан кейін су