Жүзден аса қыз-жігіт қатысқан сауалнамада қыздарға: «Сіз ең жақтырмайтын жігіттердің қандай кемшіліктері бар?», жігіттерге: «Сіз ең жақтырмайтын бойжеткендердің қандай кемшіліктері бар?» деген сұрақтарға жауап берілді.
Бұл сұрақтарға қыздар былай жауап берді:
Махаббатқа пейілсіздігі, әрі тұрақсыздығы; басқаға, жас иіске үзіліп тұратындығы;
Білімінің мардымсыздығы; қолынан келерінің жоқтығы; сөзінің добалдығы; кісіге жылы шырай бермейтіні; бірер істі бастарда езіп-қыртып дереу кірісе қоймайтындығы; әр кезде өз мүддесімен ғана санасатындығы;
Озбырлық істеп сыңарезулікке басатындығы; әйел затын кісі санатына қоспай, құл орнында көретіндігі; қожайынсып қожаңдайтындығы;
Тапқан ақшасын табанда тауысып, ішімдікке өлердей салынып, абыройын айрандай төгетіні.
Жігіттер бұл сұраққа қалай жауап берді екен, назар аударсақ:
Келбетті, ақшалы жігіт көрсе, көз сүзіп, тұрлаусыздық істейтіндігі; малына киініп, бой түзеп, өзін-өзі көз қылатыны;
Өзін кіршіксіз санап астамситындығы; кісіге қадала қарап
