Отбасының жарасымды тірлігі, тəн құштарлығының шын лəззатты шағы ер азаматтарға байланысты екендігін ұмытпайық. Өзіне өмірлік тірек, сүйікті жар болатын бөріктіні кездестіру əр əйел үшін үлкен арман. Бірақ кейбір қыз-келіншектердің бір көрмеге тәп-тәуір еркектің ішкі жан дүниесіне терең бойлай алмай опық жеп жататындығы жасырын емес. Сондықтан біз бүгін ер азаматтардың кейбіріне мінездеме беруді жөн санадық. Сонымен бұл өзі қандай жігіт екен?
Іскер жігіт.
Мұндай еркектер шындығында да өзін бəрінен мықтымын деп санайды. Олар үшін өмірде ешқандай кедергі жоқ. Қандай ортада болсын киіп-жарып жүргенді ұнатады, артық-ауыс сөз айтпайды, батыл, қыз көңілін немен алдарқатуды біледі. Өзінің айтқанын қайтсе де орындатуға тырысады. Мұндайлардың əйелдерге деген көзқарасы да бірқалыпты: "Мені осы қалпымда қабылдайсың немесе бүгіннен бастап арамыз алшақтай бастайды".
Арманшыл еркек.
Арманшыл еркектер - өзінің қолға алғалы жүрген тың жобасы мен ой-идеяларын бастамай жатып, жүзеге асыра алмай тас
