Күлкі өмірді ұзартады деген тұжырым баршамызға белгілі. Жайдары көңіл мен беттегі күлкінің тағы қандай пайдасы бар?
Тіпті, өтіріктен күлімсіреу сіздің көңіліңізді көтере алады. Психологтардың айтуынша, езуде әрең тартылған жалған күлкі де шын мәнінде көңілді көтереді.
Күлкі иммунды жүйеге көмектеседі. Біз күлген сәтте денеміз босаңсып, дем алады екен. Ал бұл жалпы иммунитетке пайдалы.
Күлкі жұқпалы. Қасыңыздағы біреу есінесе, сіздің де есінегіңіз келетіні белгілі. Күлкі де дәл солай жұқпалы болатынын ғалымдар дәлелдеді.
Күлкі стресстен сақтайды. Әрине, күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй стресс пен депрессияларға қарсы тұра алады. Ол оптимистік ойларға бастау болып, қайғыларға берілмеуге көмектеседі. Уайымдаған кездері күлкілі кино көруге, не достарыңызбен жиналуға болады.
Қабақты түю күлуден қиынырақ. Қабақты түйгенде біз беттің әлдеқайда көп бұлшық еттерін іске қосамыз. Яғни, көңілдің түскені жайдары болғаннан көбірек күш құртады.
Күлкі - бақыт белгісі. Біреумен танысқанда, амандас