Житян Жыңфу жапон жерінде кішігірім саудамен айналысатын еді. Бір жылы жазда ол Филиппинге демалуға барды. Кешқұрым ол ханымымен бірге теңіз қайраңында серуендеп келе жатып, бір топ баланың теңіз қайраңындағы тас қуысынан әлденені іздеп, ұйлығысып тұрғанын көреді де, қастарына барады. Балалардың тас қуысынан кішкентай шаяндарды алып шыққанын көреді. Бұл кішкентай шаяндар жұп-жұбымен қосақталыпты. Тастың қуысынан алып шыққаннан кейін де бір-бірінен оңай ажырамады, бұл шынында да ғажайып еді. Мұқият қарап көрсе, олардың денелері бір-біріне мықтап жалғасыпты. «Бұл шаяндар қалайша мұндай күйге түсті екен?» деген сұрақ Житян Жыңфуды мазалай береді. Теңіз жағасында жүрген қайықшылардың бірінен бұл істің мән-жайын сұрайды. Балықшы бұл рактардың ыстық белдеу өңірінде тіршілік ететінін, кішкентай кезінде теңіз толқынының қайраңдағы тас қуыстарына ағызып әкелгенін, теңіз тасқыны қайтқаннан кейін олардың осында қалып қойып, тас қуысында ақырындап өсіп, еркек-ұрғашыдан қосарланып, кейіннен бір-б