Тағдыр тауқыметін ерте тартқан немесе әлдекімнен зілді сөз естіп, таяқтың дәмін тартып өскен адамдар жалтақтыққа бой алдырады. Олар өз еркімен қандай да бір істі бастауға, жүргізуге қанша күші мен қайраты жетіп тұрса да, жүрексінеді. Қандай да бір күш оның жасаған еңбегін бүлдіріп, қиратып тастайтындай жан-жағына жалтақтықпен қарайды. Жалтақ адамдардың басқа адамдарға қарағанда табысқа және жеңіске жетуі аз болатыны да сондықтан. Жалтақтыққа ауру деп қарап, мұнымен қалай да күресу керек. Әйткенмен ол аурудан құтылуға болады. Ол үшін мына кеңестерге жүгініп көріңіз.
1. Ең алдымен өзіңіздің не жасай алатыныңызға сырт көзбен қарап көріңіз. Ол үшін, әрине, бір істі бастау керек. Адам өзіне сырт көзбен қарай алса, онда ол өзінің қандай да бір шаруаға ебі барын байқайды.
2. Сын айтылса, қорықпаңыз. Сынның астарында зіл жатуы мүмкін деген ойдан қашыңыз. Егер сіздің ісіңізге сын айтыла бастаса, демек сіз ендігі сырт көздің көңіліне іліктіңіз деген сөз. Олар сіздің өзгелермен бірге қатар өмі