Шаштың әдемі көрінуін қыздар қауымыны ең басты назарда ұстайды. Қанша күтім жасағанымызбен, шаш жиі түседі. Шаштың түсуі сыртқы факторлардан және адам ағзасының ішкі мүшелері әлсіздігінен де тууы мүмкін. Адам шашы күніне 50-100 тал түсуі қалыпты жағдай саналғанымен, одан көп түссе алдын алуға тура келеді. Шаш түсуін тоқтататын халықтық емінің бірнеше тәсілімен танысыңыз.
Жалпы жиі түсетін шашты емдемес бұрын алдымен түбін қатайтатын шаралар жүргізу керек. Ол үшін 1-2 ай бойы аптасына бір рет шаш түбін спиртпен немесе майсана майымен (касторовое масло) сүртіп отырады. 1-2 ай өткен соң шаш түбі қатая бастайды. Ал өте жақсы нәтижеге жету үшін мынадай түрлі емдерді жасауға болады.
Бір пияздың сөліне сол мөлшерде майсана майын (касторовое масло), 1 жұмыртқаның сарысын қосып шаштың түбіне жағады. 45 минуттан соң шашты жуып, тарақпен тарайды.
Пиязды майдалап турап, үстіне 100 мл. спирт құяды да бір тәулікке қояды. Дайын тұнбамен шаштың түбін сүртіп, полиэтилен пакеттің сыртынан сүлг