Найти в Дзене
Paydalı keñester

Дүниеге келместен бір күн бұрын сәби Жаратқаннан сұрапты:

-Мынау дүниеде не істеуім керек? Соны білмеймін. Жаратқан былай деп жауап беріпті:
-Мен саған өзіңді үнемі желеп-жебеп жүретін Періште сыйлаймын. Ол қашан да қасыңда болады.
-Мен оның тілін түсінбеймін ғой...
-Періште өз тіліне үйретеді. Ол сені барлық пәле-жаладан сақтайды.
-Онда менің Періштемнің есімі кім?
-Есімінде тұрған түк те жоқ...
Сен оны АНА деп атайсың...