Көз гигиенасын сақтаудың 11 ережесі.
1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу;
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.
3. Үстелге коятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты окығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.
5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.
9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.
11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда көзге ақ түседі.
Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
• егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне карай жуу;
• көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу;
• көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды;
• тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.
~~~~~~~~~~~~~~~
Көз неге тоңбайды?
Суық желде кірпіктерге қырау қата бастаса да көздер мүлдем тоңбайды, тіпті суықты да сезбейді. Оның сыры адамның көздерінде температураны сезетін жасушалардың болмауында. Алайда, ондай жасушалар саусақ, мұрын, кұлақ ұштарында көптеп кездеседі.
Әйнек тәріздес көз алмасының 99пайызы судан тұрады. Ендеше неге мұз боп қатып қалмайды дейсіз ғой. Себебі, ол жай су емес, тұзды судан тұрады. Тұздың мөлшері аса жоғары болғандықтан көздегі су (жас) -32С градусқа дейін қатпайды. Тағы бір себебі, ағзамыз температураның өзгерісіне бірден жауап береді. Яғни, температура төмендей бастағанда көздегі ұсақ тамырлардың бойымен қан жылдам жүреді. Медицинада ота жасау барысында көзі қатырып тастауға болады. Оған қажет температура -195,8°C.