Найти в Дзене
Paydalı keñester

ТЫРНАҚ ӨСІРУ ТӘСІЛДЕРІ

Үй косметологының әдісі арқылы бірнеше апта ішінде еш қиындықсыз тырнағыңызды қатайтып, өзіңізде өсіре аласыз.

* Йодты тор

Йод тырнақты сынудан қорғап,оны қатайта түсетін бірден-бір құрал.

Сондықтан, йодты жиі пайдалануға тырысыңыз.

Қолдану әдісі: Кешке қарай мақта таяқшаның көмегімен тырнағыңызға йодты тор жасаңыз. Уайымдамаңыз, ұқыптап жағылған йодты тордан таңертең із қалмайды. Тырнағыңыздың күтімі үшін процесті жиі қайталап тұрыңыз.

*Қызыл бұрыш

Қызыл бұрыштың да тырнақ күтімінде пайдасы зор. Бірақ, жиі пайдаланбаңыз. Аптасына 1 рет қолданып тұрыңыз.

Қолдану әдісі: 1 шай қасық қызыл бұрыш ұнтағын 2 шай қасық қолға арналған майлы креммен араластырыңыз. Егер қоспа құрғақ болса бір-екі тамшы су қосуға болады. Қоспаны жай қызумен отта қайнатады. Суығаннан кейін, тырнаққа жағу керек. Ыдыста қалған қалдығын 20 минуттан кейін жылы сумен шая беруіңізге болады.