Қаржы − қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі һәм бірегейі. Мына заманда ақшасыз, бір қадам аттап та баса алмайсың. Ақшаны табу көп адамның қолынан келеді. Дегенмен, орнымен жұмсап, тиыннан тау соғатын жандар некен-саяқ. Олай болса, бүгінгі жазбамыз "ақшаны қалай, қайда жұмсау керек?" деген сұрақтарға жауап береді.
1. Жұмсағаныңыз тапқаныңыздан аз болсын.
Қаржының қорын жинағыңыз келсе, тапқан табысыңыздан жұмсаған шығыныңыз аз болсын. Бұл қағиданы ұстансаңыз, алдағы уақытта кедергілерге тап болмайсыз.
2. Қаржы мәселесін күрделендірмеңіз!
Несиеңіз артқан сайын, шығыныңыздың да көп болатынын естен шығармаңыз. Жиналған қорыңызды сақтау да қиын. Ол үшін қаржы саласында ешқандай қателікке ұрынбаңыз.
3. «Болашақ меніңізге» бүгінгі күніңізді басқартпаңыз.
Бүгін сатып алуға шамаңыз келмеген затты «болашақта алармын» деп, болашақтың еншісіне қалдырмаңыз. Оған себеп мынау: болашақтағы табысыңыз бүгінгі күніңізге жауап бере алмайды. Кім біледі? Келешектегі қаржыңыз басқа да шығындарғ