Көбіне қорыл обструкциялық апноэ ұйқы синдромының себепшісі болып табылады: ұйқыда тыныстың тоқтауы және жиі тістерін қайрауы. Мұндай кідірістің ұзақтығы бір түнде 4 сағатқа дейін немесе одан ұзаққа созылуы мүмкін. Нәтижесінде - оттегінің жетіспеушілігі, ұйқышылдық ауру, жиі болатын бас ауруы, ашушаңдық, шашыраңқылық... Ауыр жағдайда – жүрек аритмиясының әр түрлі формасы, инфаркт, миокард, инсульт және ұйықтап жатып, кенеттен өлу. Бірақ бұл туралы ойламаған жөн.
Ресей Федерациясының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мининстрлігінің сомнологиялық орталығының директоры Яков Левин, адам ұйқысына қарап, қаншалықты ұзақ өмір сүретінін аныұтауға болатынын айтады: неғұрлым аз ұйықталса, соғұрлым өмір қысқарады, себебі организм қалпына келіп үлгермейді.
Сондай-ақ, қорыл әсерінен дене салмағы артуы мүмкін. Сондықтан, жақсы нұсқаушылар жаттығу кезінде дұрыс тыныс алуға ерекше көңіл бөледі. Организмге оттегі жетіспеушілігі тиісінше май қабаттарының жиналуына себепші болады. Егер сәл анатом