Ертеректе бір кісі жан-жануарлар мен хайуанаттардың тілін білетін Сүлеймен пайғамбарға келіп:
«Ей, Алланың елшісі, маған да махлұқаттар тілін үйретші,» – дейді. Сүлеймен пайғамбар:
Жоқ, сен олардың тілін түсінсең, олардың бүгулі сырларының мәніне жете алмай, естіген-білгендеріңе сабыр ете алмай қиналып қаласың» деп рұқсат бермей қояды.
Әлгі адам әрі жалынып, бері жалынып, Сүлеймен патшаның үйретпесіне қоймайды. Ақыры Сүлеймен пайғамбар келісімін беріп білгенін үйретеді.
Қуанышы қойнына сыймай үйіне келген адам үйінің маңында ит пен қораздың әңгімесіне куә болады. Ит қоразға: «Қораз бауырым, сен қарныңды бидаймен де, арпамен де тойдыра аласың. Сен ана дәндерді жеп, нанды маған қалдырсаң қайтеді? Қарным ашып өлер халде тұрмын,» – дейді.
Сонда қораз: «Сабыр сақта, бауырым. Ертең бұл жерге мына адам, арам өлген есегін алып келіп тастайды. Сол кезде етке қарық боларсың»-деп жұбатып қояды. Мұны естіген адам үйіне қарай тұра жөнеледі. Ақыры өлетін болса, маған пайдасы тимес деп есегін базар