Ол кісі күнде таңертең қарттар үйіне барып қайтатын. Жасы сексеннен асқанына қарамастан осы бір істі әдетке айналдырғандай. Неге олай істейтінін сұрағанда, онда кемпірі жатқанын айтты. Алпыс жылдай отау құрған өмірлік серігі есте сақтау қабілетінен айрылып, қарттар үйін паналауға мәжбүр болыпты. Зайыбына күнде таңғы асты өз қолымен беріп қайтпаса ас батпайтынын айтты. "Сіз уақытынан кешігіп қалсаңыз кемпіріңіз уайымдайтын шығар?" - дедім. "Жоқ, 5 жыл болды ол мені танымайды. Есінде жоқпын" - деді. "Сіздің кім екеніңізді танымаса да осыншама уақыт таңғы асты бірге ішіп жүрсіздер ме?" - дедім таңдана. Сонда қарт күлімсіреп: "Ол мені танымаса да, мен оны танимын ғой" - деді. Мен сұрақ қойғаныма ұялып қалдым.