Бір кәсіпкер қарызға батып, жоспарын орындай алмады. Несие берген банктер оның мазасын алып, тауар жеткізушілер ақша талап етті. Бір бақтағы орындықта екі қолымен басын құшақтап, компаниясын банкроттан қалай аман алып қалуына болатынын ойлап отырғанында жанына бір шал келіп: «Сізді бір ой мазалап отырған сияқты», – деді. Кәсіпкер мән-жайды баяндады. Сонда шал оның атын сұрап, чек жазып берді. Кәсіпкерге: «Бір жылдан кейін дәл осы жерде кездесейік, сол уақытқа дейін осы соманы қайтара аласыз», - деп кетіп қалды.
Кәсіпкердің қолында Джон Рокфеллердің қолы қойылған 500,000 АҚШ долларының чегі болды. Рокфеллердің әлемдегі ең бай адамдардың бірі екенін кәсіпкер жақсы білетін.
«Барлық проблемаларымды бір сәтте-ақ шеше аламын», - деп ойлады ол. Бірақ оның орнына чекті сейфке салып қойды. Сол чек туралы ой кәсіпкерге бизнесін қайта аяққа тұрғызудың әдістерін ойластыруға күш-қуат берді.
Оптимизмі қайта пайда болған соң табысты келісімшарттарға қол қойып, төлем мерзімін өз ыңғайына орайласты