Маса – жаздың кезекті жағымсыз жақтарының бірі. Масаның шағуы біреулерге байқалмайтын болса, басқаларды жараға айналып, мазалайды. Маса шағып алғанда, не істеу керек?
Қызықты жайт: масалардың тек ұрғашылары ғана жануарлар мен адамдарды шағады екен. "Ер" масалар гүлдің шәрбатымен қоректенеді. Ал ұрғашы масаларға қан тұқым қалдыруы үшін қажет.
Масалар өзінің құрбанын қимылдар, денесі бөлетін жылу мен иісі бойынша іздеп анықтайды. Адам не жануардың терісіне қонғаннан кейін ол қан ағатын кішкентай капиллярлар іздей бастайды. Тапқаннан кейін маса шағып, 30 секунд - 1 минут аралығында қан сорады.
Масаның шаққан жері неліктен ауырып, қышып, маза бермейді? Ол масаның сілекейіндегі заттарға байланысты екен. Адам ағзасы маса сілекейінің құрамындағы ақуыздарға кері әсері ретінде терісі бөртіп, қыши бастайды.
Маса шаққан жердің қышығанын мен ісігін басу үшін мына кеңестерді қолданып көріңіз.
Қол астында дәріханалардан алынған арнайы майлар болмаса, маса шаққан жерге қарапайым қолданылған ша