Замиокулькас — доллар ағашының ғылыми атауы. Доллар ағашы үй және кеңсе бөлмелерін көгалдандыратын және безендіретін танымал өсімдікке айналды. Бұл өсімдік өз иесіне байлық пен амандық шақырады. Ол аса ұқыпты күтімді қажет етпейді. Доллар ағашын жаңадан гүл өсіруді бастаушы және бұл өнерді үйренгісі келмейтін адам да өсіре алады.
Замиокулькас гүлі ароид тұқымдасына жатады. Ол бізге тропикалық Африкадан келді. Әдемі жасыл жапырақтарына байланысты халық арасында доллар ағашы атауы кең тараған. Ол қасиеті бойынша ақша ағашына ұқсайды. Бұл өсімдік ылғалды сабағының, жапырақтарының және тамырының ішіне жинап қойып, оны ары қарай қажеттілік туғанда қолданады. Соның себебінен, құрғақшылық кезеңде ұзақ өмір сүре алады.
Долллар ағашының жапырақтары өте әдемі әрі етті болып келеді. 1 жапырағында орташа есеппен 10 қауырсын (жапырақтағы сызықтар) болады. Гүлдің тамыры түйдектеліп (клубнеобразный) келген. Ағаштың биіктігі 1 метрді құрайды. Доллар ағашының ақша ағашынан айырмашылығы — ол гүлдеуі
