Крем салынған сықпаның артқы жағында кішкене төртбұрыштың суреті болады. Олардың түсі әртүрлі: қара, қара қоңыр, қара көк, қошқыл қызыл. Кейде қызыл немесе жасыл түстілері де болады. Мұның сыры неде екенін білесіз бе?
Күнделікті тұрмыста тұтынатын заттардың құрамы әртүрлі болады. Бірінде химиялық қоспалар көп болса, енді бірі тек табиғи заттардан жасалады. Аралас түрлері де бар. Енді соларға тоқталсақ, химиялық заттары бар өнімдердің сыртында қара түсті төртбұрыш тұрады. Ал 70%-ы химиядан, 30%-ы табиғи өнімдерден жасалған кремнің ыдысында қызыл түсті төртбұрыш болады. Жасыл төртбұрыш өнімнің 100% табиғи екенін білдіреді.