Лимонды әдетте тропикалық жеміс, яғни "жеңсік жеміс" деп білеміз. Дегенмен, оның адам денсаулығына пайдалы өзге де қасиеттері бар екен. Ондағы витаминдер мен пайдалы қоспалардың молдығы сонша, оны "әмбебап жеміс" деуге де келеді. Тамақ ауырғанда, іш қозғанда тіпті гепатитте лимонды естен шығармаңыз!
Тамақ ауруы (Ангина)
Тамақ қатты ашыған кезде бір лимонның жартысын қабығымен жеңіз. Ащы? Есесіне өте пайдалы! Сонымен қатар, лимон шырынымен тамақты шаюға болады. Оны сумен (1 : 3 пропорциясында) араластырып, бір күн бойы әр сағат сайын жеңіл шайып отырасыз.
Бронхит
Егер бронхитке дейін жетсеңіз тазаланған ақжелкектің 50 грамын 2-3 дана лимонның шырынымен араластырасыз. Сосын шәй қасықпен күніне төрт рет қабылдап отырасыз. Сонымен қатар, сарымсақ пен лимон қоспасы да асқынған бронхиттің алдын алады. Ол үшін 5 лимонды қабығымен және 4 бүтін сарымсақты майдалап, араластырасыз. Содан кейін, бір литр су қосыңыз. Сосын қараңғы жерде бес күн сақталуы тиіс. Дайын болған дүниені күніне үш ре