Белтемірге (турникке) тартылу – тек бой өсіру үшін ғана қажет деп ойламаңыз. Оның әрбір жаттығуы дене сымбатына әсер етіп, бұлшықеттеріңіздің шынығуына оң әсерін тигізеді. Осыған дейін тартылу алдындағы ережелермен таныстырған болатынбыз. Бүгін назарларыңызға белтемірдегі пайдалы жаттығулармен таныстырамыз.
Қолды қосып тартылу
Екі қолды белтемірде қосып тартылу қол мен арқа бұлшықеттері үшін – ең пайдалы жаттығу. Жаттығу арқаның жалпақ және үлкен бұлшықеттерін өсіруге көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар иық бицепсі мен иық, қолдың ромб тәрізді бұлшықеттерін сымбаттандыра түседі.
Жаттығуды орындау: Екі қолды белтемірде қосып, бір-біріне кедергі келтірмейтіндей жағдайда ұстау керек. Тартылудың ең биік нүктесі – қол кеудеден төмендеу ғана болады. Белтемірге тартылуды ең бірінші осы жаттығудан бастаған дұрыс. Бастамасында 8-12-ден 3 қайтара, кейіннен 15-20 тартылған жөн.
Тура тартылу
Белтемірде қол ара қашықтығын сақтай отырып тартылу бицепс пен қолдың үлкен бұлшықеттеріне, иықтың б