1 ай
Сәби ең алдымен ересектердің сенсорлық сөйлеуіне мән береді.Әсіресе анасының айтқан әр сөзіне мән береді."Г"."К" сияқты дыбыстарды айтады.
2 ай
Сөйлесу кезінде күлкімен жауап береді.
Әртүрлі интонациямен шыңғырады.Уілдей бастайды.
3 ай
Әр сөзді мұқият тыңдайды.Ересектердің дауыстарын ажырата бастайды.Уілдеп ән айтады.
4 ай
Анасымен жарты сағаттай уілдеп сөйлесуге дайын болады.Ересектердің дауысына еліктейді.
5 ай
Сәбиге жұмсақ сөйлесеңіз күліп,жымияды.Қабақ шытып,ұрыссаңыз мұңайып қабағын шытады,қорқады,жылайды.
6 ай
"Ба","Ма","На"секілді сөздерді айтып былдырлайды.Оңашада былдырлап өзімен-өзі сөйлеседі.
7 ай
Қайда?деген сұраққа өзіне жақын ойыншықты көрсетіп былдырлайды.
8 ай
Қолыңды берші десең қолын береді.Еліктеп,сөздерді қайталауға тырысады.
9 ай
Одан да қиынырақ шарттарды орындайды.Шарикты,допты әкел деген сияқты.
Өзінің есімін біледі,атын айтсаң бұрылып қарайды.
Сөйлеп назар аудартады.Әртүрлі интонациямен сөйлейді.
10 ай
Үлкендерден жаңа буындарды үйренеді.Ма-ма,па-па сияқты сөздерді айтады.
Өзінің дене мүшелерін көрсетеді.
11 ай
Бер,ал сияқты сөздерді айта алады.Мағынасын түсінеді.