Алланың разылығын тауып, жұбайының көңілінен шығып, жақсы ұрпақ тәрбиелеп өсіру – әрбір қыздың арманы. Ал ол үшін не істеу керек?
1. Жиі дұға етіңіз.
Құлшылық пен дұға – тек отбасында ғана емес, барлық ісіңізде береке мен сәттілікке алып баратын бірден бір жол. Иманы берік адамға шайтан жолай алмайды. Ал шайтанның ең сүйікті ісі – ерлі-зайыптыларды ұрыстыру екені белгілі.
2. Күйеуіңізді сыйлаңыз.
Алланың разылығын күйеуіңіздің разылығынан табасыз. Ер адамға қарсы шығып, оны төмендетіп, еркектік намысына тиіп отбасылық бақытқа ешқашан жете алмайсыз.
3. Күйеуіңізге қолдау көрсете біліңіз.
Кез келген мәселеде жар ғана емес, арқа сүйер сырлас досы, ақылшысы әрі жанашыры болыңыз.
4. Әдемі болып жүріңіз.
Өз-өзіңізге көңіл бөліп, әйелге тән нәзіктігіңіз бен сұлулығыңызды жоғалтып алмаңыз.
5. Шүкіршілік етіңіз.
Ерінің тапқан табысына үнемі көңілі толмай, «жоқты» айта беретін әйелді еркек ұнатпайды. Сондықтан Алланың берген ризық-несібесіне шүкіршілк етіп, қолдағы бар